«Осы кезге дейін көрмеген әке махаббатын сезіндірді»: Raim Ерке Есмаханның ұлына көлік сыйлады

Raim мен Муслим  фото на taspanews.kz от 20 сентября 2024 12:35
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жұбайының үлкен ұлына көлік сыйлағаны туралы айтты. Әншінің сөзінше, Райм тіпті «мектептегі ата-аналар чатында да отыратын» көрінеді. Бұл туралы Taspanews.kz өнер иесінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Ерке Есмахан Раймның ұлының баскетболға ғана қызығушылығын тудырып қоймай, тұйық мінезін аша білгенін айтады. Одан бөлек, рэпер Муслимге қымбат көлік сыйлаған.


«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады. Ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашып, қабілетін шыңдады. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын» сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа, мама» деп, толыққанды отбасында өсіп жатыр.Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол», – деді эстрада жұлдызы.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews