Отбасы банк тұрғын үйді бөлуді жүзеге асыратын болады

Pexels

Отбасы банк автоматтандырылған жүйе арқылы тұрғын үйді есепке алу, қою және бөлуді жүргізеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Отбасы банкке сілтеме жасап.


Сенат депутаттары отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қаралды. Уәкілетті орган тарапымен мақұлданса, осы заңға өзгерістер енгізілмек. 


Енді азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру туралы өтініштерді "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" ақпараттық жүйесі арқылы береді. Мұнда азаматтардың жылжымайтын мүлкі бар-жоғы, отбасылық жағдайы, тұрғын үйге мұқтаждық мәртебесі мен санаты тексеріліп, расталады. Одан да бөлек қызмет түрлері бар.


Заң қабылданса, әкімдіктер жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үйлерді сала береді, ал Отбасы банк оны кезектегі адамдарға бөледі.


"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының" жұмысы "бір терезе" қағидатын қолдануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз "тұрғын үйге мұқтаж" мәртебесін растау үшін қазақстандықтар бұрынғыдай бірнеше инстанцияға жүгініп, кезекке тұрып, содан кейін қолжетімді заем алу үшін банкке барып, әуре-сарсаңға түспейді деген сөз”, –  деді Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Үй алуды көздегендер үшін қосымша мәлімет: https://hcsbk.kz/news/publications/otbasy-bank-t-r-yn-ydi-b-ludi-avtomattandyryl-an-zh-yesin-iske-osady-/