Отбасы банк пайызсыз ипотеканы іске қосуды жоспарлауда

Pexels фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 19:08
Фото: Pexels

Отбасы банк Қазақстан Құрылысшылар одағы мен Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығымен бірігіп жаңа бастаманы алға қоюда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Отбасы банк ресми ақпаратына сілтеме жасап.


Cеріктестер Қазақстандағы исламдық қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында бірлескен сараптамалық, ақпараттық, талдау және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.


«Біз Қазақстанда исламдық ипотекаға сұраныстың жоғары екеніне көз жеткіздік. Біз бір мемлекетпіз, бізде діни сенім бостандығы бар және діни сенімі баспана мәселесін шешуге мүмкіндік бермейтін қазақстандықтарға қолдау көрсетуіміз керек», – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Исламдық ипотека пайызсыз негізде жүзеге асатыны ескерілді. Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалана, ислами қағидаттар бойынша қалайша үй алуға болатынын қарастырады. Бұл мақсатта тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар айтуы мүмкін. Әзірге заңды зерттеп шығу алға қойылды.


Одан бөлек, Отбасы банкі қызметкерлерінің исламдық қаржы құқығы саласындағы кәсіби білімін арттыру үшін арнайы кешенді оқыту қарастырылды:


«Отбасы банк CSQlaw Қазақстандағы филиалымен де меморандумға қол қойды. Бұл малайзиялық компанияның Қазақстандағы филиалы. Ынтымақтастық аясында бұл компания Отбасы банк қызметкерлерін шариятқа сай қаржылық құқық негіздері мен исламдық қаржыландыру бойынша кешенді оқытуды ұйымдастырады», – Отбасы банк.

Следите за новостями Taspanews