Өзін-өзі қорғау мақсатында кездейсоқ мас адамды қазаға ұшыратқан жасөспірімге үкім жеңілдетілді

Фото: Instagram lyubimkovna

Алматы облыстық соты 15 жасар жасөспірімнің үкімін жеңілдетті. Ол бір жыл бұрын өзіне шабуыл жасаған ересек мас адамды кездейсоқ қазаға ұшыратқан. Бұрынырақ болған сот нәтижесінде баланы жеті жылға жуық бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталушының қорғаушылары қатыгез үкімге байланысты судьяны кәсіби жарамсыз деп санайды. Алайда апелляциядан кейін жаза өтеу бір жарым жылға өзгертілді. Қыркүйек айында Эмиль Трапезников жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша бостандыққа шыға алады. Толығырақ – Taspanews материалында. 


Негізгі оқиға 2023 жылдың 25 маусымында орын алған. Эмиль "Қапшағай қаласындағы демалыс аймағында жұмыс істеді", себебі анасына көмектескісі келді", – деді баланың қорғаушысы Рена Керимова.


"Ол 14 жасар қызбен бірге дүкенге тұрғанда үш мас адам кіріп келді. Олардың бірі ашушаң әрекет көрсетіп, алкоголь сатуды талап етті, дегенмен оған дүкен халал болғандықтан бірнеше рет бас тартылды. Алкоголь ол жерде сатылмайды. Соған қарамастан, қақтығыс жалғасты. Ер адам жақындаған кезде Эмиль өзіне қауіп төніп тұрғанын сезіп, оның бетін бір рет ұрды. Жәбірленуші құлап, 26 күннен кейін ауруханада қайтыс болды, ал Эмильді соттап жіберді". Қорғаушы Рена Керимова

Жанжал видеоға түсті. Оны Эмильдің анасы Instagram-да жариялады. Кадрларда шабуылдаушылар мас күйінде аяқтарында әрең тұрғанын көруге болады. Анасы баласы өзін-өзі қорғағанымен, оны "қасақана кісі өлтіргені" үшін жеті жылға жуық түрмеге қамады деп келіспеушілігін білдірді.


Соған қарамастан, Керимова атап өткендей, "26 сәуірде Алматы облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі арнайы сотының судьясы М. У. Токтанулова оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды".


Жақында жасөспірімнің қорғаушылары апелляцияны жеңіп алды. Бастапқыда бала "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру"  "кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi" үшін сотталған. Енді айыптаулар бойынша үкім "абайсызда қазаға ұшырату" деп қайта тағайындалды. Енді ол бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сот жабық режімде қаралды, сондықтан баланың адвокаттары мәліметтерді ашық  айта алмайды.


Алайда олар "талап арыз 10 млн теңгеден үш млн теңгеге азайғанын" айтты. Ал қыркүйек айында жасөспірім   жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша бостандыққа шыға алады. Қорғаушы үкімді жеңілдетуге мүлдем риза емес. Ол Эмильге нақты мерзім емес, тек "бостандықты шектеу" берілу мүмкіндігі  болғанына сенімді.


"Екі ай шыдау керек, ал біз әзірге Жоғарғы сотқа шағым беріп жатырмыз". Қорғаушы Рена Керимова

Жасөспірімнің анасы ұлының қорғаушыларына әлеуметтік желіде алғыс білдірді.