Пәкістан Қазақстан мен Парсы шығанағының басқа елдеріне тегін виза ашты

Фото: Needpix.com

Пәкістан визалық алымдарды алып тастап, Қазақстан азаматтары үшін өз шекарасын ашты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Visanews-ке сілтеме жасап.


2024 жылдың 14 тамыз – 126 елден келген көптеген саяхатшылар мен іскер адамдардың жадында қалады, олар енді Пәкістанға виза шығындарынсыз бара алады. Бұл шешім Пәкістан үкіметінің инвесторларды тартуға және елге туристер ағынын арттыруға бағытталған үлкен стратегиясының бөлігі болып табылады.


Билік өкілдерінің айтуынша, визаға өтініш беру рәсімі де ыңғайлы әрі жылдам болады. Қазақстаннан басқа, осы жаңалықты пайдалана алатын елдердің тізіміне Сауд Арабиясы, Бахрейн, БАӘ, Кувейт, Оман және Катар сияқты көптеген Парсы шығанағы мемлекеттері де кірді. Бұл шешім Пәкістанды аймақтағы ең қолжетімді елдердің біріне айналдырады.