Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев: Президенттің арнайы құттықтауы

Фото: OLYMPIC.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Давид Дегтяревті паралимпиададағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Aqorda телеграм арнасына сілтеме жасап. 


Паралимпиада ойындары 28 тамызда Парижде 8 тамызға дейін жалғасуда. Бұл жолы алтын медаль пауерлифтингтен қолға түсті. 


OLYMPIC.KZ мәліметіне сай, ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алға шықты. 188 келіні көтеріп, чемпион атанды. Еске салсақ, бұл оның Токиодағы жеңісінен кейін екінші алтыны.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны келесі сөздермен құттықтады:


 Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді, – деп жазды Президент өз әлеуметтік желісінің парақшасында.