Пәтер иелері кооперативтері басқарудың дербес түріне жатпайтын болады

Фото: Freepik

2025 жылы 12 наурыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелер бойынша түзетулер енгізу ұсынылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған түзетулер бойынша пәтер иелері кооперативтері шаруашылық жүргізудің дербес нысаны болмайды. Ендігі кезекте аула тазалау, лифтілерді пайдалану сияқты ортақ мәселелерді басқару үшін бірнеше үйді біріктіретін бизнес құрылымдар болады. Енгізілген түзетулерге ҚР Президенті қол қойған жағдайда, аталған шара іске асатын болады.


«Сонымен қатар барлық пәтер иелері кооперативтері міндетті түрде қайта тіркеуден өтіп, жаңа жарғылар алып, коммерциялық емес ұйым аясында қатаң түрде жұмыс істеуі қажет. Мұндай кооперативтердің кірістерін мүшелер арасында бөлуге болмайды, тек шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы керек», – делінген ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз хабарламасында.