Павлодар қаласында 3 бала өрттен құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар қаласы, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан бес қабатты үйден өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Өрт кезінде 1 ер адам көміртегі тотығымен уланғаны белгілі. Ол ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жатқызылды.


Одан бөлек, баспалдақ арқылы 12 адам сыртқа шығарылды. 3 баланың көміртегі тотығымен улануының алды алынды.


Өрт 18 шаршы метр алаңда сөндірілді.