Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Павлодар облысы әкімдігі. Фото түсірген: Валерий Бугаев

Әйгерім Қабылтаева Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысының әкімдігіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Павлодар облыс әкімі Асаин Байханованың өкімімен Әйгерім Жаңбыртайқызы Қабылтаева 2024 жылғы 17 шілдеден бастап облыс әкімінің Инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.


Жаңа орынбасар кәсіпкерлік және өнеркәсіптік-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, табиғат қорғау және су пайдалану, ветеринария және жер қатынастары басқармаларының жұмысына жауапты болады.


Әйгерім Жанбыртайқызы 1984 жылы туған. Оның химия бойынша жоғары білімі, сонымен қатар экология магистрлік деңгейі бар.


Ол өзінің мансабын 2007 жылы Павлодар облысының облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы ретінде бастады, кейін Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаментінде басшылық қызметтер атқарды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі


Фото Валерий Бугаева