Павлодар облысы полициясы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды

 фото на taspanews.kz от 29 мая 2024 11:47
Фото: ҚР ІІМ

Павлодар облысы полициясы бастығының бірінші орынбасары қызметіне ресми кірісті. Бұл қызметке полиция полковнигі Думан Қожахметов тағайындалды , – деп хабарлайды Taspanews бөлімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап


Облыстық полиция басқармасының бастығы Василий Скляр басшылық пен қызметкерлерге полицияның жаңа бірінші орынбасары, полиция полковнигі Думан Рақымжанұлы Қожахметовті таныстырды. Тағайындау туралы бұйрыққа ҚР Ішкі істер министрі қол қойды.


Бұл аттаққа дейін Думан Қожахметов Шығыс Қазақстан облысы полициясы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.


Василий Скляр Қожахметовтың осы саладағы мол жұмыс тәжірибесін ерекше атап өтіп, аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметіне министрліктің жаңа әзірлемелерін енгізу бойынша алдағы жұмыстарды ерекше атап өтіп, оған жаңа қызметінде сәттілік тіледі.


Следите за новостями Taspanews