Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автокөлік паркі жаңа техникамен толықты
Фото: Павлодар облысының ТЖД
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автокөлік паркі жаңадан толықтырылды. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою тиімділігін арттыру үшін жаңа Toyota Hilux автокөлігі берілді, деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автокөлік паркі жаңа техникамен толықты.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысына Toyota Hilux автокөлігін бөлді. Бұл техника Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлар басқармасына берілді.
Жаңа көлік кез келген төтенше жағдайға дереу ден қоюды жеңілдетеді және құтқарушылар үшін ыңғайлылық пен қауіпсіздікті жақсартады. Бұл қызметкерлерді құтқару және әрекет ету тапсырмаларын орындау үшін құтқару құралдарымен және жабдықтарымен жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.