Павлодар облысында ауыл тұрғыны үйінде есірткі сақтаған
Фото: Pexels
Павлодар облысы, Железин ауданындағы ауылдық округтердің бірінде шамамен 2 кг марихуана табылды, - деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Жеке тұрғын үйінде есірткі ұстағаны үшін айыпталушы ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, 16-қаңтарда Алматы облысы «Қазпошта» бөлімшесінде есірткі контрабандасының анықталуы бойынша тергеу аяқталып, айыпталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.