Павлодар облысында азық-түлік өнімдері жоғары бағамен сатылған

Фото: Pexels

Павлодар облысы прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасының минималды шектік деңгейінің көтерілуін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Кәсіпкерлік басқарма бағаларды есептеуде бұзушылыққа жол бергені белгілі болды. Бұл рұқсат етілген шекті бағаның өсуіне әкеліп соқты.


Нәтижесінде, халыққа азық-түлік тауарлары қолжетімсіз бол түсті.


Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 2025 жылдың екінші тоқсанында шекті бағалар қайта қарастырылады. Жауапты тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.