Павлодар облысында баланы зорлаған ер адам 20 адамға сотталды
Фото: Pexels
Павлодарда жас баланы зорлаған қылмыскер ісі бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысы соттарына сілтеме жасап.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мас күйінде 2 ауыр қылмыс жасаған азаматқа қатысты сот ісі жабық түрде өтті.
Нәтижесінде, бұрынырақ сотталғандықтан, қылмысы үшін 15-17 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың орнына 20 жыл тағайындалды.
Жәбірленушінің пайдасына 7 млн теңге моральдық зиянды өтеу ақысы өндірілді.
"Сотталушы ҚК-тің 120-б. 3-1-б. 1-т. бойынша кінәсін мойындамады, ҚК-тің 121-б. 3-1-б. 1-т. бойынша кінәсін ішінара мойындады. Сондай-ақ О. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды",