Павлодар облысында ер адам өзгенің мотоциклін мас күйде айдап кеткен

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысы Кемеңгер ауылында мотоцикл ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Облыс орталығы тұрғыны “Ак-Агро” базасының аумағынан LTM-200m15 мотоциклін ұрлаған деп айыпталып, күдікті атанды. Мас күйінде қылмыс жасағаны анықталды. Іс-әрекетінің себебін “үйге жету” деп түсіндірген. Қылмыстық іс бойынша тергеу басталды.


“Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – деді Павлодар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Бекзада Булежанов.

Хабарламада өңір ішінде жыл ішінде осындай жағдай тіркелгені келтірілген.