Павлодар облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды
Фото: Павлодар облысы Успен ауылдық округі аймағында орта деңгейде мас болған көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Павлодар облысы Успен ауылдық округі аймағында орта деңгейде мас болған көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Сотта іс Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 608-бабы бойынша жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру аясында қаралды.
Нәтижесінде, жүргізуші 15 тәулікке қамауда болады, сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.