Павлодар облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Depositphotos
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанды психотроптық зат тұтынуға итермелеу мен жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеті бойынша айыптының ісі қаралды, - деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.
Айыпталушының жасаған қылмысы ауыр және аса ауыр ретінде бағаланды. Күнәсі жас қыздың куәгерлігі, оның заңды өкілінің айғақтары мен сараптама қорытындылары және өзге де зерттеу материалдары арқылы дәлелденді.
«Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,