Павлодар облысында салық реформасы талқыланды

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кездесіп, салық заңнамасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Оның айтуынша, жаңа реформа салық түсімдерін жыл сайын 4-5 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.Жаңашылдықтардың бірі – жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтын жеке тұлғаларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеу құқығы.
ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру мүмкіндігі де қарастырылуда. Бұл мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ. Сонымен қатар, тиімсіз салық жеңілдіктерін қысқарту және табысы жоғары азаматтарға жеке табыс салығы бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.
Вице-министр кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстары алдағы талқылауларда ескерілетінін айтты.