Павлодар облысында скутерде екі жасөспірім қаза тапты
Фото: Павлодар онлайн
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жасөспірім қайғылы қазаға ұшырады, тағы бір жас жігіт ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Taspanews «Павлодар онлайн» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Павлодар-Ақсу тас жолында болды. Кәмелетке толмаған жүргізушісі мен жолаушысы бар скутер КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Прокуратура Қарабай ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Павлодар облысының жедел жәрдем станциясына 5 маусым күні сағат 16:54-те қоңырау түсіп, оқиға орнына екі бригада 9 минутта жеткен.
Өкінішке орай, келген соң жедел жәрдем қызметкерлері 15 жастағы скутер жүргізушісінің қайтыс болғанын хабарлады. Оның жолаушысы, сондай-ақ 15 жастағы жасөспірім ауыр жарақаттармен шұғыл түрде №1 қалалық ауруханаға жеткізіліп, кейін ол қайтыс болды.