Павлодар облысындағы азық-түлік дәмдеуіштерін сататын дүкенде есірткі заттары сатылған

Фото: Pexels

Павлодар облысы прокуратурасы кондитерлік макты сатудың атын жамылып, оның тұқымы мен кептірілген сабанынан алынатын есірткі заттарын дайындап, сатумен айналысқандарды ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Қылмыстық топтың азық-түлік дәмдеуіштері орналасқан сауда орнында мак қоспасын есірткіге тәуелді адамдарға сатумен айналысқаны белгілі болды.


«Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде», – делінген ҚР Бас прокуратурасы ақпаратында.