Павлодар облысындағы "Дәрмек" операциясының қорытындысы шықты
Павлодарлық полицейлер "Дәрмек" арнайы операциясының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысының ПД-на сілтеме жасап.
Заттарды әкелу және әкету кезінде контрабанданы анықтау және болдырмау, сондай-ақ бақылаудағы препараттардың заңсыз айналымға кетуін алдын алу мақсатында өңір аумағында есірткі және психотроптық құралдардың заңды айналымы саласындағы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
"Іс-шаралар нәтижесінде психотроптық және есірткі құралдарының заңсыз айналымының 18 фактісі, соның ішінде есірткі өткізудің, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығаюы талаптарын бұзу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу жағдайы анықталды", – деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша басқарма бастығы Тимур Қаржаубаев.
Мәселен, емдеу мекемелерінде есірткі мен психотроптармен жұмыс істеу ережелерінің бұзылуы анықталды. Тексеру барысында 330 морфин ампуласы, 916 трамадол таблеткасы және 184 трансдермальды патч тәркіленді. Айналымы 152 килограммен шектелген. Өңірдің өнеркәсіптік объектілерінің бірінде прекурсорлармен жұмыс істеу ережелерін бұза отырып сақталған 137 тоннадан астам тұз және 14 тонна күкірт қышқылы анықталып, тәркіленді. Одан бөлек, полицейлер фармацевтикалық және медициналық қызметпен айналысатын 46 субъектіні, соның ішінде 96 дәріхананы, қоймаларды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды және емдеу-профилактикалық мекемелерді тексерді.