Павлодар облысындағы су тасқыны: республикалық жолды су шайды
Фото: Pexels
2025 жылы 19 наурыз күні сағат 01:50-де Павлодар облысы "Астана-Шидерті-Павлодар-Успенка" жолының 217-218 шақырымдарын су шайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Су басқан жердің ұзындығы 100-150 метр, биіктігі 5-8 см.
Жол учаскесі еңіс жерде орналасқандықтан, су бас қаупі жоғары. Апатты болдырмау үшін 200 тонна құм төселеді. Жолдың екі жүз он жетінші шақырымындағы су жібергіш құбыр тазартылды.
19 наурыз сағат 10:30-дағы жағдай бойынша, көлік қозғалысы қалыпты жағдайда.