Павлодар облысының кей балалар үйлерінде жыныстық қол сұғылмаушылық сақталмаған
Фото: Pexels
Балалардың құқығы бойынша өңірлік өкіл Сәуле Шәкенова мен Павлодар облысы прокурорының бас көмекшісі іскерлік кездесуде балалар үйіндегі жыныстық қол сұғылмаушылықтың бұзылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайлы Taspanews.kz инстаграм парақшаға сілтеме жасап.
105 баланы медициналық тексеруден өткізу нәтижесінде 2024 жылы қарашада 11 рет балаларға байланысты жыныстық құқық бұзушылықтар анықталды. Нысан ретінде балалар үйі мен балаларды қолдау орталықтарындағы тәрбиеленушілер алынды. 8 іс бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер анықталып, ұсталды.
Одан бөлек, асырап алынған 2 балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Аталған қылмыстар бірнеше жыл бұрын жасалған.