Павлодар сотында мотоциклді мас күйінде айдаған жүргізушіге қатысты сот отырысы өтті

Фото: Pexels

Павлодарда мотоциклмен жаяу жүргіншіні жарақаттау бойынша сотта ісі қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.


Жол апаты жаяу жүргіншінің аяғының жабық сынығы, бас және кеуде жарақатына әкелді.Айыпталушының күнәсі сараптама қорытындысы, құжаттар арқылы дәлелденді. Асырауында жас баласы бар екенін және айыпталушының өкінуін ескере, сот жазаны 4 жыл сегіз айға бас бостандығынан айыруға тағайындады. Ендігі кезекте, заң бұзушы өмір бойына көлік жүргізу құқықығына ие болмайды.


Белгілі болғандай, ол бұрынырақ мас күйінде автокөлік айдағандығынан жүргізуші куәлігінен айырылды. Шектеуге қарамастан, 7 қыркүйек күні қайта ішімдік ішіп, рөлге отырған.