Павлодарда аграрлы-техникалық колледж оқушыларына жер телімі қайтарылды

Фото: Depositphotos

Палодардағы аграрлы-техникалық колледжге жұмыс тәжірибесін өткізу үшін тұрақты пайдалануға берілген жеке 418 гектар жер телімі қайтарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


2014 жылы Шарбақты ауданы әкімдігі қаулы арқылы бұл жерді колледжге дайындап, тапсырған. Алайда, 2024 жылы аудан әкімдігі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жерді бермек болып, қаулының күшін жою туралы шешім қабылдады. Ал колледж студенттерін тәжірибе өту үшін оқу орнынан 10 шақырым жерде орналасқан аумаққа жіберу жоспарланды.


Павлодар облысы прокурорларымен заңға қайшы шешім жойылып, жер телімі колледжге қайтарылды.