Павлодарда мас күйінде ұсталған жасөспірімнің ісі бойынша сот жүргізілді

Фото: Pexels

Павлодарда түнгі уақытта мас жүрген баланың ісіне ата-анасы жауап бермек, – деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысы ПД-не сілтеме жасап.


Жасөспірім түнгі сағат 03:10-те Естай көшесі бойында ата-анасының қарауынсыз, орта деңгейде мас болды. Қоғамдық жерде мас болып, ұсақ бұзушылық жасағаны үшін және баланы тәрбиелеуге қатысты міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анаға қарсы әкімшілік жауапкершілік тағайындалды.


Іс сотта қаралып, 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды.


Бала бір жыл бұрын дәл осылай мас күйінде ұсталып, ұсақ бұзушылық жасаған. Ол кезде ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу шарасы ғана қолданылды.