Павлодарда мотоцикл жүргізушісі мас күйінде ұсталды
Фото: Pexels
Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Қарақала ауылында мотоцикл жүргізушісінің мас күйде екендігі анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Бұл іс-әрекеті үшін оған әкімшілік сипаттағы қағаздар толтырылып, сотқа жіберілді.
Келтірілген мәліметке сай, жол-көлік қозғалысында бірнеше заң бұзушылықтар байқалған. 1 тәулік ішінде 10 автокөлік айыппұл тұрағына жөнелтілсе, 424 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталмауы бойынша 5 жағдай тіркелді.