Павлодарда өзін-өзі қорғау мақсатында адамды қаза етіп қойған ер адам босатылды

 artemklevan инстаграм фото на taspanews.kz от 19 февраля 2025 14:18
Фото: artemklevan журналистің әлеуметтік желісінен

2024 жылы 11 тамызда Павлодарда өзіне пышақ ұстай жөнелген Сергей Сухоносенкодан қорғанбақ болып, оны абайсызда қаза еткен Жоламан Құсайын босатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Irbis.tv сілтеме жасап.


19-ақпан күні өткен аппеляциялық сот отырысында Жоламан Құсайынның ісі денсаулыққа қасақана зардап тигізу емес, өзін-өзі қорғау кезінде асыра сілтегендік ретінде бағаланды. Осылайша, сот оны 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын 1 жылға дейін азайтты. Айыпталушы тергеу изоляторында жарты жыл жатқандығының әр күні екі күн есебінде саналып, оны сот отырысынан кейін босату туралы шешім қабылданды. Аппеляциялық сот үкімі заңды күшіне енді.


Еске салсақ, 11 тамыз күні Павлодардағы ойын-сауық мекемесінің сыртында Сергей Сухоносенко Жоламан Құсайынды пышақпен бас салған.


«Пышақты көргенде кез-келген адам өзінше әрекет етеді. Біреу айқайлайды, біреу қашып кетеді, біреу мен сияқты өзін-өзі қорғайды. Иә, қашқан жөн, алайда әр адам өзінше әрекет етеді, себебі шок күйінде болады»,  – деді үкімнен кейін Жоламан Құсайын.

Следите за новостями Taspanews