Павлодарда полицейлер тонаған қылмыскерді 25 жылдан кейін ұстады
Фото: Pexels
Полицейлер 25 жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған іздеуде жүрген ер адамның жүрген жерін анықтады, - деп хабарлайды Taspanews Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, Ресейдің Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу деректеріне сәйкес, 1998 жылдың тамыз айында Павлодарда күдікті тапанша мен балта қолданып, екі ағайындыға шабуыл жасап, екі Nissan көлігін айдап кеткен.
Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен.