Павлодарда рұқсаты жоқ мас жүргізуші ұсталды

 фото на taspanews.kz от 03 июня 2024 10:00
Фото: Pexels

Павлодарда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан көлікті рұқсатсыз басқарған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігінің порталына сілтеме жасап


Назарбаев даңғылында полиция экипажы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Audi 80 көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлікті мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны белгілі болды. Ер адам ұсталып, 20 тәулікке қамауға алынды. Оған да 36 920 теңге айыппұл салынды.


Заманауи заңнамада көлікті мас күйінде басқару немесе медициналық тексеруден өтуден бас тарту үшін ауыр айыппұлдар мен көлік құралын басқару құқығынан міндетті айыру қарастырылған. Мас жүргізушіні байқасаңыз, дереу «102» телефоны арқылы хабарлаңыз.


Следите за новостями Taspanews