Павлодарда су өлшегіш бойынша алаяқтықтың жаңа түрі белгілі болды

Павлодарда су өлшегіш бойынша алаяқтықтың жаңа түрі белгілі болды фото на taspanews.kz от 20 августа 2024 16:15
Фото: Pexels

Павлодардағы алаяқтар су есептегішті сылтау етіп халықтың мазасын алуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz pavlodar_vodokanal инстаграм парақшасына және Telegram арнаға сілтеме жасап.


"Павлодар-Водоканал" өкілдері әлеуметтік желілердегі хабарландыруында алаяқтар өздерін компания қызметкерлері ретінде көрсете, азаматтарға су есептегіштерін шұғыл тексеру немесе оларды ескіру және жаңарту қажеттілігі сылтауымен ауыстыру қажеттігіне сендіре бастағанын айтты.


Олар тек ұялы телефонға қоңырау шалумен шектелмей, сонымен қатар пошта жәшіктеріне ақпараттық парақшалар салып, азаматтарды қымбат коммуналдық төлемдермен қорқытқан, су өлшегіштерді тексеруден немесе ауыстырудан бас тартқан жағдайда айыппұл салынатынын айтып, алаяқтықпен сеніміне кірген.


Ұйым бұл жалған мәліметке назар аудармауға және есептегіштерді ауыстыру немесе тексеру қажеттілігін растау үшін олармен тікелей байланысуға кеңес берді.


Следите за новостями Taspanews