Павлодарда жеңіл көлік оқушыларды қағып кетті
Фото: Pexels
Павлодар қаласы, Сәтпаев-Кривенко көшесі қиылысында «Mazda» көлігін жүргізуші кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Pavlodatnews.kz сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінде зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2008 жылы туған ер бала травмотология бөлімінде жатқанын айтты. «Ығысуы бар оң жақ иық сүйектің жабық сынығы» диагнозы қойылды.
2007 жылы туған қыз осы бөлімге жабық ми жарақаты, ми шайқалуы мен жамбас буынның зақымдануымен түсті.