Павлодарлық жедел уәкілдер есірткі сатушыны ұстады

Фото: Polisia.kz скриншот

Павлодар облысының Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткінің едәуір мөлшерін сатуға қатысы бар ер адамды ұстады,– деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Жеке тексеру кезінде ер адамнан 13 байлам гашиш тәркіленді. Оның үйін тінту кезінде қызметтік ит тоғыз полимер пакетін тапты, оның ішінде сараптамаға жіберілген өсімдік заты бар 21 пакет болды. Сондай-ақ есірткіні орау үшін ақша, таразы мен материалдар тәркіленді. Тәркіленген каннабистің жалпы салмағы 8,5 кг болды. Алдын ала қорытындыда есірткіні аймақтың әр түкпірінде жасырып, таратылуы мүмкін болғанын айтады.


Күдікті қамауға алынды. Есірткі заттарын заңсыз өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп түйіндеді Павлодар облысының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.