Педофилияға қатысты қылмыстық іс: ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері күдікті атанды
Фото: Freepik
Астанада балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бойынша күдікпен ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада педофилия бойынша күдікке ілінген офицер Қорғаныс министрлігінің Ақмола гарнизонында қызметкер атқарған.
“Оқиға Астанадағы медициналық мекемелердің бірінде болды. Батальон командирінің орынбасары (кейбір деректер бойынша оны подполковник дейді, кейбірінде майор деп нұсқайды) қызметін атқаратын офицер, дәлелденбеген мәліметке сай, балаға жыныстық зорлық-зомбылық әрекетін жасауға тырысып жатқан жерінен ұсталып, күдікке ілінді. Сөз етіліп отырған бала 2016 жылы туған. Нәтижесінде әскери қызметшіге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды”,
ҚР ІІМ баспасөз қызметі оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін бірден бірқатар жедел іс-шаралар жүргізіліп, оның барысында күдіктінің ұсталғанын айтты.