Петропавлда колледж студентінен ақша бопсалаған топ ұсталды

Фото:

Петропавлда 18 жасар студенттің әлеуметтік желідегі "Байлар секілді" контентін негізге алып, ізіне түскен 4 бопсалаушы анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


20-23 жас аралығындағы жас жігіттер осы жылдың қаңтар-ақпан айларында қорқытып алу, адамды қамап қою, ұрлық және денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру фактісі бойынша бірнеше қылмыс жасаған. Жалға алынған пәтерге зардап шегушіні қамап, онлайн қосымшалар арқылы несие мен қарыз алғызып, психологиялық қысым көрсеткен. Ақша талап еткен олар, балаға тіпті ұялы телефонын сатуға бұйырған. Осылайша жаңа нұсқадағы телефонын бар болғаны 50 мың теңгеге сатылған.


Тұрғылықты мекен-жайынан оны таппаған бопсалаушылар өзге жерден ізін қуып, тағы да 70 мың теңге тартып алған. Жалпы шығын 400 мың теңгені құраған.


Бұл СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің Петропавлдың білім ошақтарындағы профилактикалық кездесулер барысында анықталған. 18 жасар студент өз басынан өткен оқиғасын айтып, шағымданған.


ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыскерлерді жедел түрде ұстады. 


Петропавл соты сотталғандарға тиісті жаза тағайындады: 8, 6, 4 жылға бас бостандығынан айыру және соңғысына – 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру.