Петропавлдағы жол апаты: 17 жастағы мотоцикл жүргізушісіне қан донорлары қажет

Фото: Qazaqstan Media

Петропавл қаласында 17-18 шілдеге қараған түні Панфилов-Караванная қиылысында жол апаты орын алды: RC200 мотоциклі Honda Accord автокөлігіне соқтығысты. Апаттан екі адам зардап шекті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Qazaqstan Media желілік басылымына сілтеме жасап.


Instagram әлеуметтік желісінде таратылған бейнелерде мотоциклдің жеңіл көлікке ұшып бара жатқанын көруге болады.


Мотоциклді он жеті жасар бала басқарды. СҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір жас жүргізуші медициналық мекеменің реанимациясында өте ауыр жағдайда. Жас жігітте травматикалық шок, ішкі ағзалардың көптеген жарақаттары, сүйектердің сынуы, бүкіл денеде жаралар және мидың көгеруі бар, сонымен қатар ол шамамен екі литр қан жоғалтқан. Операция кезінде оған бір бүйректі алып тастауға тура келді. Жас жігітке алты доза қан мен тоғыз доза плазма қажет болды, қан жинау жүріп жатыр.


Апат фактісі бойынша тергеу жүргізіледі, ақпарат жиналады және сараптамалар жүргізіледі.


Пост из социальной сети
Фото: Qazaqstan Media

Айта кетсек, мотоцикл жүргізушісі он жеті жаста болғандықтан, оның көлік жүргізу құқығы болмады.