Поштадан екінші адам пин код арқылы адресаттың жөнелтілімін ала алатын болады

Фото: Pexels

Пошта нарығына түзетулер енгізу Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.


Жөнелтілімді жеткізу және оңайлату жүзеге асады. Сенімді адам  адресаттың жөнелтілімін оның келісімімен ала алады. Ол үшін адресат арнайы пин кодпен келісімді растау керек.


"Поштаматтарды көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру нормалары да нақтыланады. Ғимараттардың, құрылысжайлардың, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пошта операторларына поштаматтарды шарттық негізде орнату үшін алаңдар бере алады", – ҚР Парламенті Мәжілісі.