Президент әскери қызметкерлердің құмар ойынға қатысуына заң жүзінде тыйым салды
Фото: Pexels
Қарулы күштер өкілдерін құмар ойындардан шектеу тәртіптік жарғыға қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгеріс енгізілді. Тәртіптік жарғының 1-қосымшасының екінші бөлігіне қосылған мәліметке сай, "ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойынға қатысу және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылыққа бәс тігу әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық болып табылады» делінген.
Заңға қосымша бірінші жарияланғаннан бастап 16 қыркүйектен қолданысқа енеді.