Президент ғылым және технологиялық саясат туралы жаңа заңды бекітті

Фото: ҚР ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Президенті "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қол қойды,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҒЖБМ-не сілтеме жасап.


❓ Жаңа заңның негізгі ерекшеліктері қандай 👇


🔬 Іске асыруға ұсынылған ғылыми зерттеулерді идеядан жаппай өндіріске дейін бағалауға мүмкіндік беретін негізділік пен технологиялық дайындықты (TRL) бағалаудың жаңа тетігі енгізілді.


⚡ Ғылым қорының мәртебесі технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік деңгейіне дейін кеңейтілді.


🌐 Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын құра отырып, ғылымдағы, инновациялар мен жаңа технологиялар нарығындағы жетістіктерді мониторингілеу үшін ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі тетік енгізілді.


🏡 Ғалымдарды қолдау үшін жас мамандарға жеңілдікпен тұрғын үй сатып алу құқығы енгізілуде.


📍 Салық кодексінде 50% мөлшерінде шегеріммен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша шығыстарға салықтық жеңілдіктер мен шегерімдерді қамтитын мемлекеттік ынталандыру шаралары көзделген.


🔎 Жергілікті атқарушы органдарға гранттық қаржыландыру нысанында ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру бойынша өкілеттіктер беру ұсынылады.


💡 Ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым ретіндегі жаңа мәртебесін белгіледі.


📃 Қол қойылған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес ғылыми ұйымдар үшін сатып алу рәсімдері жеңілдетілді. Енді ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды жүргізу үшін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сатып алу Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін ережелер бойынша жүзеге асырылады.