Пржевальский жылқылары Қостанай облысының табиғатына қайта оралуда

Фото: ortcom.kz

Чех Республикасы мен Қазақстан арасындағы халықаралық келісім аясында реинтродукциялау орталығына Пржевальский жылқыларының алғашқы сегіз түлегі сәтті келді, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап. 


Чехиядан Арқалық әуежайына келген екі әскери ұшақпен Пржевальский жылқыларының алғашқы легі Әліби реинтродукциялау орталығына жеткізілді.


Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, облыс Бетпақдалада ақбөкен популяциясын қалпына келтіруде табысты нәтижелер көрсетіп үлгерді. Ендігі кезек Пржевальский жылқыларына келді.


«Биліктің, ғалымдардың, жанашыр азаматтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Пржевальский жылқылары Қостанай өңірінің фаунасының ажырамас бөлігіне айналады, ал олардың ұрпақтары бізді әлі де талай жылдар бойы сұлулығымен және ұлылығымен қуантады деп сенеміз!» Құмар Ақсақалов

Бұл сирек кездесетін жылқыларды қайта жерсіндіру бастамасы Қазақстанның биоәртүрлілік қауымдастығына тиесілі.