Рэкетирдің жұлдызы Мұрат Бисенбин қатерлі ісікпен күресуде: қолдау мен алғыс
Фото: murat_bissenbin инстаграм
Рэкетир Жұлдызы Мұрат Бисенбин инстаграмда ауыр дертпен күресуде қолдаушыларына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz оның жеке парақшасына сілтеме жасап.
"Мені бұл дерт жеңе алмайды. Мен мұның бәрінен жеңілмей өтемін", – деп жазған хабарламада ол ақшалай көмек қолын созып жатқандарға және көңілін көтеріп, моральдық тұрғыда жанынан табылғандарға алғысын білдірді.
Еске салсақ, Мұрат Бисенбиннің дертке шалдыққаны туралы актер, досы Саят Исембаев 1 апта бұрын халыққа жеткізіп, оның еміне қаражат жинауға шақырған.