Ресей Президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апаты мәселесі бойынша әңгімелесті

Фото: Ақорда

Екі мемлекет басшылары бір-біріне көңіл айтып, мәселені біріге жұмыс атқаратынын білдірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Кремльге сілтеме жасап.


25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағының Ақтау маңында қирауына байланысты Қазақстан Үкіметтік комиссиясы оқиға орнында қандай жағдай орын алғанын зерттеу мақсатында әуе ұшағында дыбыс жазатын құрылғыларды ашып, тексеретін болады. Ресей, Әзірбайжан мен Бразилиядан мамандар тартылады.


«Екі елдің көшбасшылары Әзірбайжан ұшағымен болған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын тергеуге байланысты мәселелер бойынша да, Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті тақырыптары бойынша да тұрақты байланыста болады»,  – Кремль, Ресей Президенті ақпараттық ресурсі.