Ресейде Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту үшін құжаттар пошта арқылы қабылданбайтын болды

Фото: Pexels
2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі короновирус кезінде уақытша енгізілген азаматтықты жоғалтуға арналған құжаттарды пошта арқылы алуды тоқтатады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Елшіліктің ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Ендігі кезекте құжаттарды қабылдау өздігімен келу арқылы жүзеге асырылады.
Онлайн брондау жүйесінде слоттар артады.