Ресейде ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығулардың жаңа кезеңі басталды
Фото: Уикипедия
Ресейде стратегиялық емес ядролық күштерді қолдану бойынша жаттығулардың жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды Taspanews тілшісі BBC сайтына сілтеме жасап
Ресейлік БАҚ-тың РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Ресей мен Беларусь әскери қызметшілері әскери дайындықтың қазіргі кезеңінде стратегиялық емес ядролық қаруды қолдану бойынша командалық дайындықтан өтеді.
Жаттығулар туралы Ресей қорғаныс министрлігі 6 мамырда хабарлады. Осылайша ел президенті Владимир Путиннің тапсырмасы орындалды.
Жаттығулардың алдыңғы кезеңі 21 мамырда «Искандер" зымыран кешенін, сондай-ақ "Кинжал» гипер дыбыстық зымырандарын қолдану арқылы өткізілді. 7 мамырда Белоруссия да тактикалық ядролық қаруды тасымалдаушыларды тексеруге бастамашы болды.