Ресейден келетін су Атырау облысын тасқынға ұшыратуы мүмкін

Фото: Pixabay.xom
"Қазгидромет" РМК басшысы Салауат Төлегенов Су тасқынына дайындық бойынша комиссия отырысындағы баяндамасында Атырау облысына су Ресейден келуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Салауат Төлегенов облыс аумағында 12 гидробекет орналасқанын, су обьектілерінде гидрологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Өзендердің деңгейі қыс мезгілі үшін қалыпты екені түсіндірілді.
"28 желтоқсаннан бүгінге дейін Иректі су қоймасының су төгіндісі секундына 60 текше метрді құрады. Өткен ақпанда су жіберу секундына 25 текше метр болған. Иректі су қоймасының сыйымдылығы – 2 624 млн, оған судың келіп түсуі 19,1 текше метр/сек болды",
"28 желтоқсаннан бүгінге дейін Иректі су қоймасының су төгіндісі секундына 60 текше метрді құрады. Өткен ақпанда су жіберу секундына 25 текше метр болған. Иректі су қоймасының сыйымдылығы – 2 624 млн, судың келуі 19,1 текше метр/сек болды", – Атырау облысы әкімдігі.