Ресейге қарсы санкциялар Маңғыстаулық портта жүк көліктерінің жиналуына себеп болды

pixabay.com фото на taspanews.kz от 20 декабря 2024 17:49
Фото: pixabay.com

Маңғыстаудың Құрық портында Әзірбайжанға жөнелмекші болған мыңға жуық жүк көлігі жолда жиналып қалды. Бұл салға бірқатар факторлар, соның ішінде Ресейге салынған санкциялар себеп болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Көлік жүргізушілері бірнеше күн бойы жөнелтуді күтуде. Дәл осы келеңсіздікке Әзірбайжан да тап болды.


Порт директоры Серік Ахметов Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдауы тиіс паромдардағы ақауларға байланысты жағдайдың күрделене түскенін түсіндіреді.


“Көліктердің жиналуына бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден, Қазақстан мен Әзірбайжан бағыты бойынша қызмет көрсететін паромдар Әзірбайжанға тиесілі. Техникалық ақауларға байланысты екі паром жөндеуге шығарылды, ал тағы екі паром жыл соңына қарай ғана толық жөндеуден өтеді. Бұл жүк көліктерін тасымалдауға кемелер санының жеткіліксіздігіне әкеледі»,  – деді ол.

Сонымен қатар, қыс мезгіліндегі аязды ауа-райы да өз әсерін тигізді. Статистикаға сүйенсек, қараша және желтоқсан айларында ауа-райының қолайсыздығынан Құрық порты көбінде жабық болған. Бұл жүк тасымалдау мүмкіндігін шектейді.


Ресейге қарсы санкциялар тізімінің кеңеюі де – бір себеп. Жүк тасымалдаудың ескі бағыттарын қолдану мүмкін болғандықтан, жүк көліктері енді Құрық портын пайдалануға мәжбүр болып, порт инфрақұрылымына қосымша қысым жасауда.


Алайда Серік Ахметов Қазақстан Көлік министрлігінің қолдауымен Әзірбайжанмен барлық паромдарды Маңғыстауға бағыттау туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. Бұл жағдайды жеңілдетуге және портты босатуға ықпал етеді, жүк тасымалдау кідірістерін азайтады.


Следите за новостями Taspanews