Ресми: Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің күні белгіленді

Фото: Коллаж

Қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 4 қарашада жаңа-зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтасады.


No Limit Boxing промоутерлік компаниясы жекпе-жектің 4 қарашада Сиднейде өтетінін жариялады.


Аталмыш жұдырықтасуда қазақстандық спортшы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық титулын қорғайды.


Еске сала кетейік, Михайлов пен Әлімханұлының жекпе-жегі 14 шілдеде өтуі керек болған. Бірақ қазақстандық спортшы салмақ қуу кезінде есінен танып, жекпе-жек кейінге шегерілген еді.