Республикалық маңызы бар автожолдар құрылысына кететін қаражатты ұрлауды болдырмау үшін “Цифрлық теңге” енгізіледі

Фото: ҚазАвтоЖол

Республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысына кететін қаражат ендігі кезекте бақылауда болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.


Жоба қаражатты тиімді пайдалануды тексеру мақсатында іске асады. Бөлінетін қаражат цифрлық теңге платформасында табаланады. Оны тек мақсатты түрде жұмсауға болады. Жеке тұлғаның қаражатты қолма-қол ақшаға ауыстыру мен өз қажеттілігіне жұмсау мүмкіндігі  болмайды.


Қазіргі таңда жоба Атырау мен Павлодар облыстары аясында қарастырылып, пилоттық сипатқа ие:


Жоба автомобиль жолдардың екі учаскесін қамтиды:- Атырау облысында "Мұқыр-Құлсары" автожолының 31-42 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары; - Павлодар облысында "РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай" автожолының 383-390 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары, – ҚазАвтоЖол.