Риддер қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі өрттің алдын алу іске асты

 ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 29 января 2025 11:27
Фото: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының 4-шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан азық түлік дүкенінде қысқа тұйықталу салдарынан түтін шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрттің таралуына жол бермеу үшін өрт сөндіру қызметі оқиға орнындағы электр тоқтарын тексеруді жүзеге асырды. 6 адам, оның ішінде 1 бала сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер болмады.


Еске салсақ, 27-қаңтар күні Ақтаудағы өрттен 16 бала аман қалды.


Следите за новостями Taspanews