Ринат Зайытов: “Бірыңғай уақыт белдеуі Мәжілісте талқыланбаған”

Ринат Зайытов фото на taspanews.kz от 13 сентября 2024 11:41
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстандағы ықпалды Amanat партиясының депутаттары жақында әлеуметтік желілерде бейнеролик жариялады. Онда олар мемлекет бойынша бірегей уақыт белдеуін енгізуді қайта қарауға шақырды. Бірнеше өңірге бұл өзгерістер келеңсіздік әкелгенін айтқан. Келесі Үкімет сағатында бұл сұрақты талқылауға шығаруға дайындығын білдірді.  Taspanews.kz корреспонденті Ринат Зайытовпен хабарласып, шешім олардың қатысынсыз қабылданғанын және мәжіліс депутаттарына пікір білдіруге мүмкіндік берілмегені туралы білді.


“Ыңғайсыз уақыт”


Уақыт белдеуін қайта қарауға бастама болғандар қатарында Ринат Зайытовпен бірге Нұртай Сабильянов, Ұлықбек Тұмашинов, Мақсат Толықпаев, Самат Нұртаза мен Гүлдара Нұрымова бар.


Олар өз деректерінде біріңғай уақыт белдеуі тек Қостанай, Қызылорда, БҚО тұрғындары үшін ғана қолайлы екенін айтты. Алайда, қарама-қайшылық барын келтірді. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай облыстары және Жетісуде айтарлықтай келеңсіздіктер туған. Бұл өңірлерде таң үш жарымда атса, күн кешкі сағат бестерде ұясына кіріп кетеді.


“Екінші, үшінші ауысымда оқитын оқушылар не істемек? ” , – деп халық сөзін сөйледі олар.

Осылайша, Үкімет бұл жаңа ұсынысты қарастыруға уәде берді. Вице-премьер Тамара Дүйсенова шешім қабылданғанына 1 жыл толмаса да, депутаттар келтіретін дәлелдер қарастырылатынын айтты.


Мәжілісте талқыланбаған сұрақ


Ринат Зайытов Taspanews.kz тілшісіне уақыт белдеуін ауыстыру Қазақстанның кей облыстарында ыңғайсыздық туғызғанын айтты.


"Сол облыстарда тұрып жатқан халықтың күнделікті тіршілігінің ырғағын бұзып отыр. Өзгертпесе болмайды оны. Бірақ, әдеттегі тырнақшаның ішіндегі "естуші үкіметіміз" тағы ойлану керек деп жатыр. Кеше ғана көтерілген мәселе емес бұл. Сосын шешімін таппаған соң, бір топ депутаттар – біреуі Абай біреуі Шығыс Қазақстан облысы өкілімен бірігіп, бастама көтердік",  - деді ол.

Ол бұл мәселеде соңғы сөз Үкімет тарапынан екенін айтты.


'Бұл солардың қаулысы ғой. Оны парламент қабылдаған жоқ қой. Уақытты ауыстыруды", - деді мәжіліс депутаты.

Ол сөзінде мәселені талқылауға “ертең болсын дайын” екенін айтты.


"Тек Үкіметтің жауабын күтіп отырмыз талқылау қашан болатыны туралы. Қазір арнайы фракция бар бізде келіссөз жүргізетін, мәжілістің аппараты бар. Солар уақытын байлап қояды. Ары кетсе осы айдың ішінде болу керек",  - деді Ринат Зайытов.

Ол талқылауға әріптестерімен бірге тиянақты дайындалғанын айтты. Экологтан бастап, уақыт тақырыбы бойынша маман, cонымен қатар дәрігерлерден дәлел жинағандарын, олардың уәждерін келтіру ғана қалғанын айтты.


"Үкіметтің өзінің уәжі бар. Бірақ онда еш негіздеме жоқ. Экономикамыз өседі деген, қайда?",  – деді ол.

Ол енген өзгерістер бұрынырақта Мәжіліспен талқыланбағандықтан, өз келіспеушілігін білдіре алмағанын түсіндірді.


Следите за новостями Taspanews